• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Дзюдо: қазақ палуандары жүлде алып жатыр

    Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Оған  83 елден 500-ден астам палуан қатысып жатыр.

    Бүгін, дүбірлі доданың алғашқы күні қазақстандық спортшылар да татамиге шықты. Солардың арасында 44 кило салмақта Әбиба Әбужақынова деген қызымыз күресіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Тағы бір Еуропаға ел үмітін арқалап барған палуанымыз Бауыржан Нарбаев 55 кг салмақта қола медальді жеңіп алды.

    Бұл сында біздің елден 10 жігіт, 10 қыз күресіп жатыр. Күрес, спорт болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді дегендей кейбірі чемпионаттың бірінші күні жарыс жолынан шығып қалды. Енді біздің қалған палуандарымыз солардың есесін қайтарып, жүлделі орындардан көрініп, көк байрағымызды биікке көтереді деп сенеміз.

    Дастан КЕНЖАЛИН

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *