Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами штатында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты.
Бұл турнирге Елена Рыбакина 10-ракетка болып тіркеліп, екінші айналымнан бастап қатыса бастады. Ол алғашқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингте 64-орында тұрған ресейлік Анна Калинскаямен күш сынасып, оны 7:5, 4:6, 6:3 есебімен ұтты.
Енді Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездеседі.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА