• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Дзюдошы Абиба Әбужақынова IJF рейтингінің үздік бестігіне кірді

    Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Абиба Әбужақынова әлемнің үздік бес дзюдошысының қатарына кірді.

    Olympic.kz-тің хабаралуынша, Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Анталияда өткен Grand Slam сериясының турнирінен кейін дзюдошылардың рейтингін жаңартты.

    Мәселен, турнир кезінде қола медаль иеленгені үшін Қазақстан спортшысы Нұрқанат Серікбаевқа 500 ұпай берілді. Бұл оның әлемдік рейтингте 15 орынға дейін көтерілуіне мүмкіндік берді.

    Сондай-ақ, жаңартылған мәліметтерге сәйкес, спортшы Абиба Әбужақынова әлемнің үздік бес дзюдошысы қатарына кірді. Ал ерлер құрамасы сапынан Мағжан Шамшадин (60 кг) мен Данияр Шамшиев (73 кг) өз салмақ дәрежелерінде 15-орынға жайғасты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *