• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Уимблдон турнирі: Қазақстан теннисшілері қомақты табыс тапты

    Қазақстан теннисшілерінің Уимблдон турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды.

    Теннис федерациясының хабарлауынша, жекелей сында ширек финалға дейін жеткен Елена Рыбакина 340 мың фунт стерлинг (194 075 525 теңге) тапты.

    Жекелей сында төртінші айналымнан аса алмаған Александр Бублик 207 мың фунт стерлинг (118 157 746 теңге) алды.

    Юлия Путинцева жекелей (55 мың фунт стерлинг немесе 31 394 570 теңге) және жұптық (6 875 фунт стерлинг немесе 3 924 321 теңге) сында алғашқы айналымда өнер көрсеткені үшін барлығы 61 875 фунт стерлинг немесе теңгемен санағанда 35 318 891 теңгеге ие болды

    Анна Данилина жұптық сындағы алғашқы айналымнан аса алмады. Солай десек те ол 6 875 фунт стерлинг (3 924 321 теңге) және микста ширек финалда өнер көрсеткені үшін 8 250 фунт стерлинг (4 709 185 теңге) адды. Екеуін санағанда Данилина 15 125 фунт стерлинг (8 633 506 теңге) тапты.

    Жұптық сында алғашқы айналымда сүрінген Александр Недовесов пен Андрей Голубев әрқайсысы 6 875 фунт стерлингті (3 924 321 теңге) қалтасына басты.

    Уимблдонның іріктеу сатысының бірінші айналымында ойнаған Тимофей Скатовтың табысы – 12 750 фунт стерлинг (7 277 832 теңге).

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *