Ішкі істер министрлігі Астанадағы MEGA SILK WAY сауда ойын-сауық орталығындағы төбелес шығарған боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты тергеу ісімен айналысып жатыр.
Еске сала кетсек, 18 маусымда Астанадағы MEGA SILK WAY СОО-дағы кафелердің бірінде боксшы Бейбіт Шүменов қоғамдық тәртіпті бұзып, сауда ойын-сауық орталығында баласын қолында ұстап отырған адамды ұрып-соққан.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот шешімімен күдікті кәнілі деп танылса 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, – делінген ІІМ-нің хабарламасында.
Ішкі істер органдары барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуде. Олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА