• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Күрестен ӘЧ: Қазақстан балуандары медалист атанды

    Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының (U17) соңғы күні еркін күрес балуандары сынға түсіп, Қазақстан құрамасы екі қола жүлде алды.

    71 келідегі Нұрдәулет Сейілбеков пен 92 кг салмақтағы Самир Дурсунов қола медаль үшін болған таласта үнді балуандарынан басым түсіп, әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

    Бұл жолғы әлем чемпионатын еркін күрестен 1 күміс және 2 қола жүлдемен қорытындылады. Грек-рим және әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы жүлдеге іліге алмады.

     

    Аспандияр ЕСЕНЖОЛОВ

    ФОТО: Күрес түрлері федерациясы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *