• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Сәкен Бибосынов Азия ойындарындағы жеңілісін түсіндірді

    Бокстан әлем чемпионы әрі Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарындағы жеңілісіне не себеп болғанын айтты, деп хабарлады halyq-uni.kz.

    Өкінішке қарай, екінші кездесуімде жеңіліп қалдым. Азия ойындарында алтын алсам деп едім. Мақсатыма жете алмадым. Қателік өзімнен болды. Негізі, жақсы жұдырықтасып едім. Бірақ бірінші раундта төрешілердің барлығы қарсыласқа ұпай бергенін көрген соң, тактиканы дұрыс орындай алмадым.

    Жоспардың бәрі өзгеріп кетті. Енді жарыс жолында қалған боксшылардың бәріне сәттілік тілеймін. Әнұранымызды ойнатып, байрағымызды көтеріп, лицензияларды көбірек алсын, –  деді Бибосынов.

    Азия ойындарында Сәкен Бибосынов өзбекстандық қарсыласы Хасанбай Досматовқа есе жіберді.

     

    ФОТО: Тұрар ҚАЗАНҒАПОВ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *