• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    XIX Азиада: 27 қыркүйектегі жарыс күнінің нәтижелері

    Кеше Азия ойындарында Қазақстан командасы екі алтын, бір күміс және алты қола медаль жеңіп алды.

    Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша аралас командалық сайыста өнер көрсетіп жатқан Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко жұбы финалда Кувейттен басым түсті. Ал нысана көздеуде Зухра Ирназарова алтын медаль алды.

    10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухраға тең келетін ешкім болған жоқ. 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы (Зухра Ирназарова, Фатима Ирназарова, Александра Садуақасова) екінші орынға ие болды.

    Жағажай волейболынан жұптық бәсекеде Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату қола медаль үшін матчта Иран командасын жеңді. еЕсеп — 2:0 (25:23, 30:28).

    Спорттық гимнастикадан ат снарядында өнер көрсеткен 25 жастағы Нариман Құрбанов қола жүлдеге қол жеткізді. Нариман Құрбанов 15.100 ұпай жинады.

    50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында Әділбек Мусин қола жүлдеге ие болды. Бұл спортшының осы Азиададағы екінші қола медалі. Кеше ол 100 метр қашықтықтағы осы әдіс бойынша да қола медаль алған.

    Таэквондодан ұлттық құраманың спортшылары Дениз Жансель (+67 кг) және Смайыл Дүйсебай (+80 кг) Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

    Семсерлесуден ерлер құрамасы (Мұхамедали Рахманәлі, Назарбай Саттархан, Жанат Нәбиев, Артем Саркисян) командалық жарыста қола медаль жеңіп алды.

    Асланбек Шымбергенов қытайлық қарсыласын жеңіп, бокстан жарыстың келесі кезеңіне шықты.

    5×5 баскетболда Қазақстанның ерлер командасы БАӘ құрамасын 59:49 есебімен жеңді. Ал 3×3 баскетболда ұлттық құрама Таиландтан 19:16 есебімен басым түсті.

    Кирилл Герасименко үстел теннисінен 1/8 финалда вьетнамдық спортшыны 4:0 есебімен айласын асырды.

    Су добынан әйелдер құрамасы Оңтүстік Корея командасын 24:4 есебімен жеңді.

    Бесінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 3 күміс және 16 қола жүлде бар.

     

    Туризм және спорт министрлігі

    ФОТО: Туризм және спорт министрлігі

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *