• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Instagram

    Мемлекет басшысы боксшы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдарынан әлем чемпионы атағы үшін германиялық Винченцо Гуальтиеримен болған жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтады.

    Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!, — деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

    Бұл жекпе-жекте боксшылардың жекпе-жегі аса тартысты болды. Жәнібек Әлімханұлы алтыншы раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.

    Осы жеңістен кейін Жәнібек Әлімханұлы екі белбеуді иеленді. Жәнібек кәсіпқой бокстағы 15 рет жеңіске жетті. Ал оның қарсыласы 21 жеңістен кейін алғаш рет жеңілді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *