• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ақ жейдеде Дастан Мұқашбеков, көк жейдеде Иван Зелезняк

    Дастан Мұқашбеков – Азия Пара ойындарының чемпионы! (ВИДЕО)

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Дастан Мұқашбеков ядроны 15 метр 74 см-ге лақтырып, бірінші орынды жеңіп алды.

    Сондай-ақ, осы санатта тағы бір отандасымыз Иван Зелезняк ядроны 12 метр 39 см-ге жіберіп, қола медальді иеленді.  Ал екінші орын БАӘ спортшысы Алкаби Мохаммадқа бұйырды. Ол 12 метр 99 см жерге ядроны түсірді.

    Дастанды жарқын жеңісімен құттықтаймын! Бүгін ол кәсіби тұрғыда шеберлігі мен жеңіске деген сенімділігін айқын көрсетті. Оған болашақта да жақсы нәтижеге көрсетуін тілеймін, — деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

    Сөйтіп, Параазиадада Қазақстан қоржынына алтыншы алтын жүлде түсті.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *