• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бейбіт Жұқаев Қазақстанның екінші ракеткасы атанды

    Теннисші Бейбіт Жұқаев АҚШ-тың Шарлотсвилл қаласында өткен челленджер турнирінің жеңімпазы атанды.

    Финалда Жұқаев дүниежүзілік рейтингте 376-орында тұрған америкалық 20 жастағы Эйдан Мейомен бас жүлдені сарапқа салды.Бірінші партияда есеп 4:3 болған кезде Жұқаев брейк жасап, 6:3 есебімен жеңді.

    Екінші сетте ол тағы бір брейк жасап, 4:2 есебімен алға шықты. Одан кейін үшінші сетте қарсыласынан 6:4 есебімен басым түсті.

    Матч бір сағат 15 минутқа созылып, Қазақстан теннисшісі 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

    Осы жеңісінің арқасында Бейбіт Жұқаев үздік 200 теннисшінің қатарына еніп, Қазақстанның Александр Бубликтен кейінгі екінші ракеткасы атанады.

    Шарлотсвиллдегі жарыстың жүлде қоры — 80 000 АҚШ доллары. Жеңімпаз 10 840 доллар алып, 75 рейтингілік ұпайға ие болады.

    Бейбіт Жұқаевты ойыннан кейін атақты Новак Джоковичтың өзі мақтаған көрінеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    ФОТО: Қазақстан теннис федерациясы

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *