• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    instagram.com/boxingkazakhstan/

    Ақтауда бокстан Қазақстан чемпионаты жалау көтереді

    11-16 желтоқсан аралығында Ақтаудағы «Халық Арена» спорт кешенінде бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлады Маңғыстау облысы спорт басқармасының баспасөз қызметі.

    Ел чемпионатына Астана, Шымкент, Алматы қалалары мен  17 облыстың 20 командасынан 500-ге жуық былғары қолғап шеберлері қатысады.

    Бокстан 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында іріктеліп, үздік атанғандар келесі жылы ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, әлем және Азия чемпионаттарында ел намысын қорғайды.

    Жарыстың бағдарламасы:

    11 желтоқсан

    12:00 – Алдын ала кездесулер;

    17:00 – Жарыстын ашылуы.

    12 желтоқсан

    14:00 – Алдын ала кездесулер;

    13 желтоқсан

    14:00 – Алдын ала кездесулер;

    14 желтоқсан

    14:00 – Ширек финал;

    15 желтоқсан

    14:00 – Жартылай финал;

    16 желтоқсан

    12:00 – Финал.

    Айта кетейік, Ақтауда 2017 жылы бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты алғаш рет 2017 жылы болды.

     

    Айбек МҰХАНОВ,

    Маңғыстау облысы

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *