Паралимпиада ойындарының квалификациялық регламентіне сәйкес К44 санатында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде пара таеквондошымыз Нұрлан Домбаев, 80 кг-ден аса салмақтағы Нышан Өмірәлі мен 57 келіге дейінгі салмақтағы Кәмиля Досмалова биыл Париж қаласында өтетін Паралимпиялық ойындардың жолдамасын жеңіп алды.
Спортшыларымыз ТОП-20 үздік спортшының қатарына кірді.
Бүгінгі күнге дейін Қазақстанның пара спортшылары Паралимпиадаға бес лицензияға ие болып отыр. Олар пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, волейболды отырып ойнау, пара каноэ мен пара жүзуден Ойындарға қатысады.
Еске сала кетсек, Токиода өткен Паралимпиадаға Қазақстан ұлттық құрамасынан 25 спортшы қатысып, 5 медаль (1 алтын, 3 күміс және 1 қола) жеңіп алды. Құрама команда жалпыкомандалық есепте 48-ші орынға ие болды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА