• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан футбол федерациясы

    Қазақстан құрамасы Армениямен жолдастық матч ойнайды

    Қазақстан футбол федерациясы мен Армения футбол федерациясы жолдастық ойын өткізу туралы келісімге келді.

    Матч 7 маусымда Ереван қаласындағы Вазген Саркисян атындағы Республика стадионында болады.

    Бұған дейін екі елдің құрамалары жеті рет кездесіп, Армения төрт рет, Қазақстан екі рет жеңіске жеткен болатын. Бір ойын тең аяқталды.

    ФИФА рейтингінде Армения құрамасы 93-орында тұр.

    Қазақстан футбол федерациясынан тағы бір жаңалық, Бауыржан Сағындық 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушы қызметіне тағайындалды.

    Ол өзі де футбол ойнаған.  «Ертіс», «Энергетик-2», «Намыс», «Астана-1964» және «Гефест» секілді командаларда өнер көрсеткен.

    Жаттықтырушы мансабын 2009 жылы «Ертіс» жастар командасында бастаған. 2017-2018 жылдары «Ертіс» ФК жастар футболын дамыту бағдарламасының басшысы қызметін атқарды. Сондай-ақ Бауыржан Сағындық «Жұлдыз» және «Ақсу» футбол орталықтарында жұмыс істеді.

    2017-2018 жылдары Қазақстан U-20 құрамасында бапкерлер штабында жұмыс атқарған.

    2022 жылы Бауыржан Сағындық «Ақсу» футбол клубына жаттықтырушылар штабына шақырту алып, бас жаттықтырушының көмекшісі болды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *