• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    sports.kz

    Парламентте легионерлер туралы заң қабылдануы керек

    Еліміз тәуелсіздік алғалы отыз екі жыл болса да, әлі күнге дейін шетелдерден легионерлерді шақыруды қояр емес. Қазақ балаларын дайындамай, Ресей мен Африкадан спортшы шақыра беруге ұялмаймыз ба? Отандық спорт саласында 180 федерация бар. Соңғы өткен жазғы Олимпиадада неге алтын жүлде ала алмай қалдық? Федерация көп, бірақ нәтиже жоқ.

    Көрші Өзбекстан мен Қырғызстан спорты бізден озып кетті. Оларға жету үшін қазақ спортына жүйелі реформа жасау керек. Бұрын спортшы және басшы болған Мәжіліс депутаттары Дәулет Тұрлыханов, Ардақ Назаров пен Данияр Қасқарауов Парламент Мәжілісінің отырыстарында шетелден спортшыларды шақыруды доғару туралы қашан мәселе көтереді? Әлі күнге дейін легионерлер туралы ешқандай нақты заң жоқ. Федерация басшылары халық пен БАҚ-қа есеп те бермейді. Биыл спортқа өзгеріс енгізбесек, кейін кеш қаламыз.

    Қазақ жігіттерінен Олимпиада және әлем чемпиондарын шығара алмасаңыздар, не істеп жүрсіздер? Өзге елдің жолы болмаған спортшыларын елге шақырғаннан қазақ спорты дамып кетпейді ғой. Шоқыр Бөлтекұлы, Октябрь Жарылғапов, Әлжан Жармұхамедов, Қабден Байдосов, Әмин Тұяқов, Әбілсейіт Айханов, Сейілда Байшақов, Ғұсман Қосанов, Әбдісалан Нұрмаханов, Шәміл Серіков, Құралбек Ордабаев, Жақсылық Үшкемпіров пен Серік Қонақбаевтар қазақты дүние жүзіне танытып артына өшпес із қалдырды. Ал қазір шетелдерден келген спортшыларға сенім артамыз. Қазақ жігіттерінің жолын кесіп, Олимпиадаға қатысатын жастардың армандарына балта шауып жатырмыз. Ойланайық, нақты шешім қабылдап, жастарды қолдайық.

    Қазақстанда легионерлер ең көп ТОП-9 спорт түрі:

    1. Футбол;
    2. Хоккей;
    3. Баскетбол;
    4. Ауыр атлетика;
    5. Еркін күрес;
    6. Жеңіл атлетика;
    7. Грек-рим күресі;
    8. Әйелдер күресі;
    9. Теннис.

     

    Айбек МҰХАНОВ,

    Маңғыстау облысы

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *