• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    https://t.me/RRaketkasi

    Қазақстан теннисшілері J500 ITF Juniors турнирін жеңіп алды

    Теннисші Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева Мысырда өткен J500 ITF Juniors турнирінің жұптық сында жеңімпазы атанды, деп хабарлады Rraketkasi.

    Тағы екі теннисшіміз Александр Недовесов пен Дмитрий Попко ATP 250 мен ITF турнирінің финалына шықты.

    Недовесов Мексиканың Лос-Кабос қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінде эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда мексикалық Мигель Анхель Рейес-Варела мен аргентиналық Гвидо Андреоццимен сынға түсті.

    Бірінші партияда Недовесов пен Эскобар екі брейк жасап, 6:2 есебімен басым түсті.

    Есесіне екінші сетте мексикалық теннисші мен аргентиналық спортшы дуэті 3:0 есебімен алға шықты. Дегенмен бұдан кейін АНедовесов пен Эскобар қатарынан алты геймді жеңіп, 6:3 есебімен екінші сетті аяқтады.

    Енді олардың финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

    Дмитрий Попко АҚШ-тың  Наплес қаласында жалауы көтерілген ITF турнирінің финалына жолдама алды.

    Ол жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркеліп,  жартылай финалда әлемдік рейтингіде 442-орында тұрған Доминикан Республикасының өкілі Роберто Сидпен күш сынасты.

    Бірінші партияда Попко 3:0 есебімен алға шығып,  6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте Сид есе қайтарды. Ол 6:4 есебімен жеңді.

    Үшінші, шешуші партия Дмитрий Попко бірден брейк жасады. Содан кейін тағы бір брейкпен есепті 5:1-ге жеткізді. Осы есепті ұстап тұрып, матчты 6:2 есебімен аяқтады.

    Финалда Дмитрий Попко рейтингіде 649-сатыда тұрған эквадорлық Андрес Андрадемен кездеседі.

    Осымен Флорида штатындағы үшінші турнирде финалға шыққан теннисші бұған дейін екі рет жеңімпаз атанған еді. Соның ішінде 20 ақпанда Палм-Коуст қаласындағы жарыстың финалында А.Андрадені 7:5, 1:6, 7:5 есебімен жеңген болатын. Енді онымен екінші рет ойнайды.

    Тағы бір жаңалық, 26 ақпан – 3 наурыз аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында ATP 500 санатындағы турнир болады.

    Қазақстанның екінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Шевченкоға қиын қарсылас тап болды.

    Шевченко алғашқы айналымда әлемнің төртінші, осы жарыстың 1-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевпен күш сынасады.

    Бұл ресейлік теннисшінің биылғы Аустралия ашық чемпионатының финалынан кейінгі алғашқы кездесуі болады.

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Александр Бублик іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кортқа шығады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *