23 наурызда Әзербайжан Республикасының астанасы — Бакуде «Ұлы жібек жолы» халықаралық турнирі болады. Бір аптаға созылатын жарысқа Қазақстан боксшылары да қатысады, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.
Оған 10-нан астам елден 100-ден аса боксшы қатысып, күш сынасады. Қазақстан құрамасы 11 салмақ дәрежесінде сынға түседі.
Ұлттық құрама команданың сапында Теміртас Жүсіпов (48 кг), Дамир Әбдіқадыр (51 кг), Тимур Қабешов (54 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Серік Теміржанов (63,5 кг), Бақтияр Смағұлов (48 кг), (67 кг), Дархан Дүйсебай (71 кг), Тимур Нұрсейітов (75 кг), Бекзат Таңатар (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг) мен аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев қолғап түйістіреді.
Турнирге команданы бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов бастап барады. Оның жанында жаттықтырушылар Марат Жақиев, Азамат Мақажанов пен Нұржан Насанов болады.