• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Жандос Сазанбаев

    Бас жүлде қанжығамызға байланды

    Ассалямуалейкум ағайын! Бүгін бір керемет жеңісті әрі жемісті күн болды. Әз-Наурыз мерекесіне орай, Өтеген кентінде шағын футболдан дүбірлі турнир болып өтті.

    Бұл жарысты ұйымдастырған белгілі ардагер спорт журналисі Әлім Анапиянов еді. Ел арсында салуатты өмір салтын дәріптеп жүрген ардақты ағамыздың осындай аламан жарысты Ұлыстың ұлы мерекесіне қатысты ұйымдастыруы мерекелік көңіл-күймен жарасын тапты.

    Сонымен турнирге 5 команда келіп қатысқан болатын. Айналым ержежесі бойынша өрбіген турнирде 3 команданы жеңіп, бір командамен тең түскен біздің «Қаламгер» атты командамыз бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орынды «Отан авто» командасы иеленсе, жүлделі 3 орын «Өтеген кент» командасының ардагер ойыншыларына бұйырды.

    Турнирдің «үздік ойыншысы» біздің команданың белді ойыншысы Жандос Сазанбаевқа табыс етілді. Сонымен қатар қорғанысымызды тас қамал ұстаған қорғаушышыз Мұрат Кененовке «үздік қорғаушы» сыйлығы құрметпен берілді. Ал, командамыздың тәжірбиелі ойыншысы Сайфутдин Шайфутдиновке «ардагер ойын үйлестуші» номинациясы бойынша салтанатпен табыс етілді. Сонымен тартысты өткен турнир шегіне жетіп, басқа да ойыншылар өз марапаттарын алды. Негізі осындай ардагерлер арасында өткізіліп тұратын доп додаларының маңызы өте зор деп есептеймін. Өйткені, спорт арқылы бір-бірімен араласып, сырласып бір шер тарқасу үшін осындай шаралардың жиі өткізуі қажет-ақ. «Дені саудың жаны сау» -деген елміз. Бір жағынан денсаулық, екінші жағы араласып қоғамнан шет қалмау болса, үшінші жағынан жастық шақтарын еске алып алаңда бар шеберліктерін салып жеңіс үшін жанкештілік таныту болып табылады. Ендеше осындай ардагерлер үшін ұйымдасырылып тұратын жарыстардың қатары көп болса игі еді деп тілейміз.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    Алматы облысы,

    Өтеген кенті

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *