• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы

    FIG ALEM CUP: Астанаға көркем гимнасшылар жиналды

    Ұзақ жылдардан кейін көркем гимнастикадан Астана қаласы FIG дәрежесіндегі турнирді қабылдады, деп хабарлады Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы.

    Әлемдік күнтізбеге енген халықаралық турнирде отандық спортшылардан бөлек, Оңтүстік Корея,  Қырғызстан, Әзербайжан, және бейтарап елдің көркем гимнасшылары да келді.

    Халықаралық көркем гимнастика федерациясының жарысын қабылдау талаптары жоғары. Біріншіден, спорт кешенінің биіктігі, жарығы, 3 мың адам сиятын орындығы т.б бірнеше көрсеткішке лайық болуы шарт. Екіншіден, осы деңгейдегі турнирді өткізгенде кемінде 5 ел қатысуы тиіс. Өкінішке қарай, соңғы сәтте Египет елі келуден бас тартты. Үшіншіден, тек біздің Alem академиясында электронды табло бар. Бұл да жарыстың ірі деңгейінде ұйымдастыруылуына әсер етеді, — деді Әлем халықаралық көркем гимнастика академиясының басшысы Әсем Бақытжанқызы.

    Жарыста бұра тартушылық болмау үшін, төрешілердің 50%-ы отандық, 50%-ы Иран, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Әзербайжан, Бейтарап елді құрап отыр.

    22-24 наурыз күндері өтетін халықаралық турнирде 150-ден астам спортшылар бақ сынайды. Олар 2006-2008 жылдары дүниеге келген және 2008 жылдан кейінгі жасөспірімдер бірнеше жаттығуда жүлдеге таласады.

    Жарыстың бірінші күні спортшылар шығыршық және доп сайысында іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Ал жеңімпаздар 24 наурызда анықталады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *