• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    instagram.com/vladislavakuhta/

    Боксшы Владислава Кухта Мажарстанның азаматтығын алды

    Бокстан Қазақстанның екі дүркін чемпионы Владислава Кухта Мажарстанның азаматтығын алды.

    Ол ресми түрде Қазақстан азаматтығынан бас тартты. Енді спортшы ресми түрде Мажарстанның атынан халықаралық турнирлер мен жарыстарға қатыса алады.

    Маған сеніп, арманыма жетуге мүмкіндік беріп жатқан Мажарстанның Үкіметі мен менің Halker-Kiraly Team клубыма алғыс айтамын. Әрбір спортшының арманы, мақсаты бар. Мен Олимпиадаға қатысуды армандап жүрмін. Бұл менің бұрыннан бергі арманым.

    Мажарстанның азаматтығын алғаннан кейін екіұдай сезімде болып тұрмын. Бір жағынан қуанып отырмын, екінші жағынан Қазақстанды да қимаймын. Қазақстан маған бәрі берді. Сондықтан ол мен үшін Отаным болып қалады, — деді боксшы.

    Сонымен бірге ол болашағына қатысты ойын айтып, алдағы уақытта бәрі де өзіне ғана байланысты болатынын жасырмады.

    Владислава Кухта Қостанай облысы Қарасу ауданының тумасы. Ол 60 келіге дейінгі салмаұта құолғап түйістіріп жүр. 2020 жылы шетелдің бокс мамандары Владислава Кухта мен оның жеке жаттықтырушысы Ақзам Барлыбаевқа Мажарстанның ұлттық құрама командасына шақырған болатын. Алайда Кухта мен оның бапкері ұсыныстан бас тартты. Мажарстанның мамандары былтыр екінші рет ұсыныс айтқанда боксшы мен оның жаттықтырушысы келісімін берді.

    Былтыр Кухта алғаш рет Мажарстанның чемпионатына қатысып, үш жекпе-жекті жеңіп, алтын жүлдені иеленді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *