Теннистен 2022 жылғы Уимблдон турнирінің жеңімпазы, әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы «Спорт-Эксперсс» газетіне сұхбатында не себепті Қазақстанды таңдағанын айтты.
Оның сұхбаты «Енді мені жоғалтқан адамдар туралы әңгіменің бәрі де бос әңгіме» (Рыбакина — о переходе из России в Казахстан: «Кто меня потерял и как это случилось, сейчас нет смысла об этом разговаривать») деген тақырыппын шыққан.
Интервьюде теннисші журналистің: «Ресейде сізді жоғалтқан үшін кім кінәлі?» деген сұрағына былай жауап береді.
«Сізді кім жоғалтты? Бұл оқиға қалай болды?» дейсіз бе? Меніңше, білесіз бе қазір бұл туралы айтудың мәні жоқ сияқты. Көңіліңізге алмаңыз, енді мені жоғалтқан адамдар туралы әңгіменің бәрі бос әңгіме дей ойлаймын. Қазақстан маған сенді. Қазақстанға ойыншы керек болды. Сәті келгенде біз бір-бірімізді таптық. Сол үшін мен қуаныштымын.
Мен көптен бері Қазақстанның атынан жарыстарға қатысып келемін. Оған дейін не болғанын тіпті, ойлағым да келмейді, — деді Рыбакина.
Осыдан кейін интервьюрер мен спортшының сұрақ-жауабы былай өрбіді.
-Сіз Уимблдон турнирін жеңіп алғанда Ресейде кейбір теннис функционерлері «Рыбакина – біздің теннисшіміз» деп еді. Сіз оған ренжігендей болдыңыз. Айтыңызшы, Ресейге сізбен қай жағынан мақтануға болады? Әлде сізді мүлдем ойына алмасын ба?
— Бұл сұраққа қалай жауап беретінімді білмеймін. Менің жанкүйерім көп. Олар әлемнің түкпір-түкпірінде бар.
Ресей де маған тілеулес болып жүрген, маған жанкүйер адамдар бар. Сол үшін олаорға размет айтамын. Қазақстанда да менің жанкүйерім көп. Қазақстанда маған тілектес жанкүйер бәрінен көп.
— Мәскеуге барып тұрасыз ба? Жиі болып тұрасыз ба? Сіздің Мәскеумен қандай байланысыңыз бар?
— Мәскеуге өте сирек барамын. Жылына бір рет десе болады. Соңғы кезде мүлдем бармаппын. Мәскеумен көп байланысым жоқ. Менің жауабым осы. Мен бәрін айтқан сияқтымын, — деді ол.
Ескерте кететін бір нәрсе, Елена Рыбакина Мәскеу қаласында туған. Ол 2018 жылдың маусым айына дейін Ресейдің құрама командасында ойнап келген. Сол жылы жаз айларында теннисші Қазақстанның азаматтығын алды.
Қазір Рыбакина WTA рейтингінде 5 848 ұпаймен төртінші орында келеді.
Дайындаған Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА