UFC-дің экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов салықтан жалтарып, төлемегені үшін РФ Қылмыстық кодексінің 199-бабы бойынша 6 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Eadaily.com порталы Ресейдің «Спорт-экспресс» басылымына сілтеме жасай отырып, Хабиб Нурмагомедовтің салық қызметі алдында үлкен қарызы бар екенін хабарлады.
Хабиб Нурмагомедовтің 306 млн 688 мың 389 рубль (шамамен 1,5 млрд теңге, — ред.) қарызы бар болып шықты. Ресейдің Федералдық салық қызметі Нурмагомедовке тиесілі Eagle FC промоушені және спортшының қайырымдылық қорының есеп-шотын бұғаттаған.
Нурмагомедовтің адвокаты Игорь Бушмановтың айтуынша, салық төлемегені үшін Нурмагомедов түрмеге де отыруы мүмкін.
Салықтан жалтару — ауыр қылмыс. Төленбеген салық соммасы 10 млнан асса, бұл үшін РФ заңындағы 199-бабы бойынша 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы заң қарастырылған, — делінген хабапламада.
Мұндай істі Ресейдің Тергеу комитеті жүргізеді. Әдетте айыпкер ретінде ұйым жетекшісі жауапқа тартылады. Сирек түрде — құрылтайшы мен бас есепші. Айыпкер салық пен өсімді толық төлесе жазадан құтылады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА