• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Саил Сабиров

    Гимнасшылар Олимпиданың жалғыз жолдамасына таласады

    24-26 мамыр күндері  спорттық гимнастикадан әйелдер арамында лицензиялық Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.

    Бұл жарыста Қазақстан атынан Аида Бауыржанова, Дарья Ясинская, Арина Лебедева, Анфиса Иванова мен Көркем Ербосынқызы бақ сынайды.

    Сары құрлықтың додасында көпсайыс бойынша Олимпиаданың жалғыз лицензиясы сарапқа салынады. Жолдама үшін 7-8 мемлекеттің гимнасшылары өнер көрсетеді. Олардың арасында біз де бармыз,- деді спорттық гимнастикадан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Надира Юнусова.

    Жалпы Азия чемпионатына 14 елден (Қазақстан, Қытай, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Оңтүстік Корея, Малайзия, Филиппин, Солтүстік Корея, Сингапур, Шри-Ланка, Тайпей, Вьетнам, Өзбекстан) 50 спортшы қатысады.

    Мақсатымыз – бірнеше жаттығу түрінен финалға шығу. Артынша жүлде алу. Көшбасшыларымыз Аида Бауыржанова мен Дарья Ясинская сенім артамыз, — деді Надира Юнусова.

    Ересектермен қатар, жасөспірімдер арасында да 17-ші Азия чемпионаты болады. Оған 15 мемлекеттен 49 спортшы қатысады.

    Бұл бәсекеде еліміздің атынан Медина Қапбасова, Эвелина Ежова, Амели Мукушева, Радмилла Тарасова және Диляра Бағдауғали өнер көрсетеді.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *