Бүгін халықаралық нысана көздеу (ISSF) федерациясы барлық Әлем кубогының кезеңінен кейін Олимпиялық рейтингін жаңартты. Соның нәтижесінде Ирина Юнусметова Олимпиаданың лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.
Ұлттық құрама спортшысы қайта үлестіру кезеңінде 10 метрден тапаншамен нысана көздеуде жолдамаға иелік етті.
Бұл — еліміздің спорттық ату федерациясының еншісіндегі тоғызыншы лицензия. Осыған дейін Ислам Сатпаев, Константин Малиновский, Александра Ле, Арина Алтухова, Никита Чирюкин (нысана көздеу), Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко мен Мария Дмитриенко (стенд ату) Олимпиадаға жолдаманы иеленген.
Әсем Орынбай мен Ирина Юнусметованың лицензиясы жеке спортшының өзіне тиесілі. Қалғаны федерацияға берілген квота.
Ал жалпы, Қазақстан еншісіндегі жолдаманың саны 67-ге жетті.