• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    УЕФА

    Футболдан Еурокубок ойындарының жеребесі тартылды

    Швейцарияның Ньон қаласында 2024/2025 жылғы маусымда Еурокубок ойындарының бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі  тартылды. Оған елімізден Шымкенттің «Ордабасы», Қостанайдың «Тобыл» клубтары,«Ақтөбе» мен  «Астана» командалары қатысады.

    Жеребе бойынша «Ордабасы» клубына «Лудогорец» (Болгария), «Стяуа» (Румыния), «Пюник» (Армения) пен «Петрокуб» (Молдова) қарсылас болуы мүмкін.

    «Тобыл» командасының ықтимал қарсыластары — «Эльфсборг» (Швеция), «Корвинул» (Румыния), «Ботев» (Болгария), «Зиря» (Әзербайжан), «Ружомберок» (Словакия) пен «Лапи» (Косово).

    Ал, «Астана» іріктеу турнирін екінші кезеңінен бастайды.

    Конференция лигасында «Ақтөбе»командасының қарсыластары Тбилисидің «Динамо» (Грузия), «Партизани» (Албания), «Милсами» (Молдова), «Сараево» (Босния и Герцеговина), «Урарту» (Армения) ықтимал қарсылас атанып отыр.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *