Бүгін Ұлыбританияның Лондон қаласында Уимблдон турнирінің іріктеу сайыстары басталады.
Жылдың үшінші «Үлкен дулыға» жарысының іріктеу турниріне елімізден төрт бірдей теннисші қатысады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Әлемнің 132-ракеткасы Михаил Кукушкин іріктеудің ширек финалында рейтингіде 278-орында тұрған украиналық Виталий Сачкомен күш сынасады.
Әлемнің 163-ракеткасы Денис Евсеевтің қарсыласы – рейтингіде 171-сатыдағы франциялық Маттео Мартино.
Рейтингіде 208-орындағы Бейбіт Жұқаев әлемнің 154-ракеткасы, аустралиялық Юрий Родионовпен бақ сынайды.
Тағы бір отандасымыз, 229-орындағы Тимофей Скатов әлемнің 158-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегриномен сынға түседі.