УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің алтыншы турында «Астана» клубы Кипрдің АПОЭЛ командасымен тең ойнап, жарвысты мерзімінен бұрын аяқтады.
Егер «Астана» матчта қарсыласын жеігенде плей-офф сатысына жолдама алуы мүмкін еді. Бірақ мұндай мүмкіндік «Астанаға» берілген жоқ.
Матчта әуелі алаң иелері сапындағы Анастасиос Донис 56-минутта есеп ашты. Содан кейін «Астаанның» ойыншысы Кипрас Кажуколовас 64-минутта есепті теңестірді.
Осылайша командалар 1:1 есебімен тең тарқасты.
«Астана» жалпы кезеңде бес ұпай жинап, плей-офф сатысына шыға алмай қалды.
«Астана» биылғы УЕФА Конференция лигасында бір рет жеңіске жетіп, екі ойында тең түссе, қалғанында қарсыластарына есе жіберді. Жалпы кезеңде 28-орында тұр.
Команда Сербияның «ТСЦ Бачка-Топола» (1:0) командасын жеңсе, Португалияның «Виториямен» (1:1) тең түсті. Сырт алаңда Уэльстің «Нью-Сейнтс» (0:2), кипрлік «Пафос» (0:1), «Челси» (1:3) клубтарына есе жіберді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА