Ресейдің Хабаровск қаласында бокстан халықаралық турнир аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан ерлер құрамасы алты жүлдені жеңіп алды.
Атап айтқанда, 54 килоға дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов пен 92 кг-ден аса салмақтағы Нұрлан Сапарбай турнирдің жеңімпазы атанды.
Сағындық Тоғамбай (92 кг-ге дейін) күміс медальді иеленсе, Теміртас Жүсіпов (48 килоға дейін), Жандос Қыдыралиев (63,5 к-ге дейін) пен Мұхаммедсадыр Базарбайұлы (67 килоға дейін) қола жүлдені қанағат тұтты.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА