Aport Mall West сауда орталығының жаңартылған тұжырымдамасы және Miami Sunrise (Hawaii & Miami) аквапаркінің жаңа жазғы аймағын таныстыру мақсатына арналған баспасөз конференциясы болып өтті.
Aport Mall West (210.000 кв.м.) — Алматының батыс бөлігіндегі ең ірі отбасылық сауда ойын-сауық орталығы болып табылады.
16 жыл ішінде Aport Mall West сауда орталығын 180 миллионнан астам қонақ тамашалады. Бүгінде мұнда 250-ден астам жалға алушы жұмыс істейді, 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. 2009 жылдан бері Eurasia RED командасы Қазақстандағы алғашқы Aport West моллында сәтті жүзеге асырып келе жатқан Lifestyle форматындағы тұжырымдама International Property Awards пен Bloomberg ұйымдарының шешімімен елдегі ең үздік сауда нысаны ретінде танылды.
Aport Mall West Орталық Азиядағы ең ірі молл, сауда мен демалыстың мүлде жаңа форматын ұсынатын бұл молл 210 000 шаршы метрден астам аумақта орналасқан. Мұндай ай сайын бір миллионнан астам қонақ келеді. Қонақтарға жайлы шопинг жасау үшін әлемдік және халықаралық деңгейдегі 100-ден астам бренд шоғырланған. Олардың көпшілігі – Koton, DeFacto, LC Waikiki, Reserved, Colin’s, New Yorker, O’stin және тағы басқалары – өздерінің Қазақстандағы алғашқы дүкендерін дәл осы Aport Mall West орталығында ашқан, – деді Aport моллдарын басқарушы директор – Мұхамеджанов Тимур Маратұлы.
Сондай-ақ Aport Mall West реконструкциясы аясындағы сәулет және инженерлік шешімдер, Отбасылық демалысқа арналған инфрақұрылымды дамыту және жайлылықты қамтамасыз ету туралы кеңінен сөз қозғалды.
Молл аумағында барлық жастағы балаларға арналған ең танымал және бірегей ойын-сауық түрлерін ұсынатын ірі әрі ерекше Funky Town мен Funky World отбасылық ойын-сауық парктері орналасқан. Бұл парктер біртұтас тұжырымлама аясында келесі аймақтарды қамтиды: Аттракциондар мен ойын аймағы, барлық жабдықтар АҚШ пен Еуропадан жеткізілген; Белсенді ойын алаңы – үлкен лабиринт, сәби бөлмелері, кедергілер жолағы, сырғанақтар, арқан жолдары және тағы басқа ойын түрлері; Балалар кафесі – туған күндерге арналған бөлмелер мен концерттер және мерекелік іс-шараларға арналған сахна бар; Заманауи VR-аймақ пен жарқын 3D және 2D декорациялар – декоративтік жарықтандыру Бельгиядан арнайы әкелінген.
Сондай-ақ, Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін алғашқы су ойын-сауық кешені — Hawaii Miami Aquapark & SPA ерекше су аттракциондарымен, 14 түрлі толқыны бар айдынды теңізімен, тақырыптық барлар мен мейрамханаларымен, 2500 м² аумақтағы кең SPA-орталығымен және еуропалық стандарттарға сай су тазарту және сүзгілеу жүйесімен ерекшеленеді.
Ауқымды қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін аквапарктың жазғы аймағы Miami Sunrise атауымен қайта ашылып, келушілерге заманауи бассейндер мен су аттракциондарын, жағажай демалысының атмосферасы мен қауіпсіздіктің заманауи технологиялары үйлескен ерекше су кешенін ұсынады.
Сізді келесі жаңартылған аймақтар күтеді:
Splash-аймақ – әртүрлі су ойын элементтерімен жабдықталған балаларға арналған ойын алаңы;
Жаңа баскетбол алаңы;
4 жаңа бассейн, оның ішінде бірі – термалды;
Жазғы жаңа асүй, жаңа мәщірінде дәмі тіл үйіретін тағамдары бар..
Іс-шараның негізгі тақырыптары:
- Miami Sunrise аквапаркінің жаңартылған жазғы аймағының тұжырымдамасын таныстыру
• Aport Mall West реконструкциясы аясындағы сәулет және инженерлік шешімдер
• Отбасылық демалысқа арналған инфрақұрылымды дамыту және жайлылықты қамтамасыз ету.
• Aport моллдарындағы жаңа сервистер (шаттлдар, байерлер, шопоголиктер клубы)
Конференция спикерлері:
- Бас директордың құрылыс және жаңа жобалар жөніндегі орынбасары– Цатиашвили Морис Шерифович
- Aport моллдарын басқарушы директор – Мұхамеджанов Тимур Маратұлы
- Hawaii & Miami және Sanremo Resort&SPA аквапарктерін басқарушы директор – Астаева Айгүл Қайырғазықызы
- Aport моллдарының Маркетинг жөніндегі директоры – Амренова Динара
Ресми бөлімнен кейін жаңартылған аумаққа экскурсия ұйымдастырылады, сондай-ақ фуршет жасалып, жоба өкілдерімен бейресми кездесу өтті. Соңғы жаңалық, 25-мамыр күні Miami Sunrise (10 000 шаршы метр) — Miami aquapark & SPA саябағының жаңартылған жазғы аква-аймағының ашылу салтанаты өтеді. Алғашқы келген 100 адамға тегін кіруіне, барлық қызмет түрлерін алуына жағдай жасалады.
Салтанат ҚАЖЫКЕН,
АЛМАТЫ