Таиландтың Районг қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден 18 бен 23 жас санатындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Сары құрлық додасында U23 санатында ұлттық құрама команданың спортшылары сынға түсіп, 6 алтын, 6 күміс және 3 қола медальмен жалпы есепте екінші орынды иеленді.
Алтын жүлде:
Денис Кленин (байдарка, 1000 м)
Стелла Суханова (байдарка, 1000 м)
Стелла Суханова (байдарка, 200 м)
Стелла Суханова (байдарка, 500 м)
Дмитрий Холмогоров/Егор.Краснонос (байдарка, 500 м)
Дмитрий Холмогоров/Стелла Суханова (байдарка микст, 500 м).
Күміс медаль:
Әнуар Алмағамбетов (каноэ, 200 м)
Ольга Сурмина/Мария Бровкова (каноэ, 200 м)
Мария Бровкова (каноэ, 500 м)
Қазақстан ерлер құрамасы (Дмитрий Холмогоров, Егор Краснонос, Денис Кленин, Дмитрий Ладюков (байдарка, 500 м)
Ольга Сурмина/Мария Бровкова (каноэ, 500 м)
Виктория Фалалеева/Татьяна Гладкова (байдарка, 500 м).
Қола жүлде:
Нұржан Муфуқұлұлы/Әнуар Алмағамбетов (каноэ, 500 м)
Қазақстан әйелдер құрамасы (Елизавета Масякина, Альбина Халикова, Евгения Тютюкина, Валентина Роговская (байдарка, 500 м)
Әнуар Алмағамбетов (каноэ, 500 м).
Биылғы чемпионатқа 16 мемлекеттен 270 спортшы қатысты. Қазақстан 18 бен 23 жас санатын қосқанда барлығы 12 алтын, 12 күміс, 7 қола жүлде иеленді.
Районгта төрт дүркін Азия чемпионы атанған Стелла Суханова ұлттық құрамаға осы маусымда қосылды. Ол бір ай бұрын Қытайдың Наньчан қаласында алғаш рет ересектер арасындағы құрлық додасына қатысып, 1 алтын, 1 күміс жүлдеге ие болған еді.