• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Рыбакина «Уимблдон» турнирін ірі жеңіспен бастады

    Әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Ұлыбританяиның Лондон қаласында өтіп жатқан «Уимблдон-2025» турнирінің екінші айналымына шықты, Қазақстан теннис федерациясы.

    Ол алғашқы ойынын әлемдік рейтингте 49-орында тұрған армениялық Элина Аванесянды 6:2, 6:1 есебімен жеңді.

    Матч бір сағатқа созылды. Осы уақытта Рыбакина үш эйс жасап, екі қате жіберді. Алты брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

    Екінші айналымда Рыбакина Грекия өкілі Мария Саккаримен ойнайды.

    Турнирдің жекелей жарыс кестесінде Қазақстан атынан тек Елена Рыбакина ғана қалды. Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев мен Юлия Путинцева бірінші айналымнан аса алмады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *