Қырғызстанның Бішкек қаласында грек-рим күресінен 15 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатында қазақстандық балуандар тоғыз медаль жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстан күрес федерациясы.
Отандастарымыз құрлықтық додада бес алтын, төрт күміс медальге ие болды. Осы жетістіктің арқасында құрама құрлықтық біріншілікте жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.
Алтын медаль
Нұрислам Пахитжан (38 кг)
Әли Алмас (41 кг)
Диар Аманәлі (48 кг)
Самға Ермек (52 кг)
Марлен Төлеш (57 кг)
Күміс жүлде
Сұлтанбек Сәрсенбай (44 кг)
Әділжан Мұратов (68 кг)
Темірлан Серік (75 кг)
Ислам Мәлік (85 кг)
Бұған дейін Вьетнамның Вунгтау қаласында күрестен 17 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында жалауы көтерілген Азия чемпионатында Қазақстан балуандары 13 алтын медаль жеңіп алды.