• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    sports.kz

    Чемпиондар лигасы: «Қайрат» келесі кезеңіне шықты

    Алматының «Қайрат» футбол командасы UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» командасымен екінші ойынын ойнап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

    Бірінші матчта командалар 1:1 есебімен тарасқан еді. Сондықтан екінші ойында клубтарға келесі айналымға шығу үшін жеңіс керек еді. Осыған байланысты жасақтар жасыл алаңға шыға салысымен жан аямай ойнауға кірісті.

    Бұл жолы «Қайрат» өз алаңында бірінші болып есеп ашты. 5-минутта Жоржиньо теңбіл допты торға тулатты. Ал 31-минутта ол әріптесі Александр Мрынскийге әдемі пас шығарып берді. Мрынский екінші голды салып, бірінші тайм алаң иелерінің басымдығымен аяқталды.

    Осыдан кейін де таблодағы есеп өзгермеді. «Қайрат» екінші іріктеу айналымына шықты.

    «Қайрат» Еурокубок ойындарына соңғы екі жылда ғана қатысқан жоқ. 2022/23 жылғы маусымда Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде Венгрияның «Кишварда» (0:1, 0:1) командасынан екі мәрте жеңіліп қалды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *