• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    «Қайрат» ФК

    Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» келесі қарсыласы анықталды

    Алматының «Қайрат» футбол клубының UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы анықталды.

    Енді «Қайрат» Финляндияның «КуПС» командасымен ойнайды. «Қайрат» алғашқы ойынын 22 шілдеде сырт алаңда өткізсе, 29 шілде қарсыласымен Алматыда жасыл алаңға шығады.

    Алматының клубы бірінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» командасымен алғашқы ойында 1:1 есебімен тең түсіп, екінші матчта 2:0 есебімен жеңіске жетті.

    «Қайрат» Еурокубок ойындарына соңғы екі жылда ғана қатысқан жоқ. 2022/23 жылғы маусымда Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде Венгрияның «Кишварда» (0:1, 0:1) командасынан екі мәрте жеңіліп қалды.

    Сонымен бірге биыл «Ақтөбе» Еуропа лигасы, «Ордабасы» және «Астана» Конференция лигасында ел намысын қорғайды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *