«Астана» футбол клубы UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Молдованың «Зимбру» командасын жеңіп, келесі айналымға шықты.
Бірінші матчта командалар Астанада 1:1 есебімен тең тарқасқан еді. Сол себепті Кишинеудегі ойын аса қызықты және тартысты болды. «Астана» бірінші минуттан бастап шабуылға жиі шығып, алаң иелерінің қақпасына қауіпті жағдай жасап отырды. Соның нәтижесінде Джеффри Чинеду 18-минутта қарсыластар қақпасының кілті тауып, бірінші допты торға тоғыты.
Одан кейін де қонақтар шабуылды үдетіп, екінші голды салуға құлшынды. Ол голды Усман Камара 21-минутта салды.
Екінші таймда Молдованың клубы таразы басын теңестіруге ұмтылды. Дегенмен мақсатына жете алмай, ойында 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша «Астана» сырт алаңда қарсыласынан 2:0 есебімен жеңіп, үшінші іріктеу кезеңіне шықты.
Енді «Астана» «Вардар» (Солтүстік Македония) және «Лозанна» (Швейцария) командаларының біреуімен ойнайды. Бұл ойындар 7 және 14 тамызда болады.
Еске сала кетсек, «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде Финляндияның КуПС командасын жеңіп, жарыстың үшінші кезеңіне жолдама алды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА