Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты.
Ол турнирдің төртінші айналымда украиналық Даяна Ястремскаяны (WTA рейтингінде 35-орында) 5:7, 6:2, 7:5 есебімен жеңді.
Матч 2 сағат 33 минутқа созылды. Осы уақытта Рыбакина жеті эйс жасап, тоғыз қос қателік жіберді. Тоғыз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.
Енді Елена Рыбакина жартылай финалға шығу украиналық Марта Костюкпен ойнайды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА