Грузияда белгілі кәсіпқой боксшы Серік Мусадиловтың інісі Шыңғыс Мусадиловтың мәйіті табылды, деп хабарлады Prosport.kz.
Ол 3 тамыздан 4 тамызға қараған түні Тбилисидегі түнгі клубтардың бірінің жанында болып, содан кейін хабарсыз кеткен. Байланысқа шықпай, үйіне де, жұмысына да бармаған.
Жас жігіттің туыстары жан-жаққа хабарласып, құқық қорғау органдарынан көмек сұраған. Алайда ешқандай нәтиже болмай, Шыңғыстың денесі 27 тамызда табылды.
Әзірге Шыңғыс Мусадиловтың қалай қайтыс болғаны туралы ешқандай мәлімет жоқ. Бұл ақпаратты Қазақстанның Грузиядағы елшілігі растады, — делінген хабарламада.
Серік Мусадилов – Қазақстандағы болашағынан үміт күттіретін кәсіпқой ауыр салмақтағы боксшы. Ол «Панда» лақап атымен танымал. Осы кезге дейін «Панда» 10-нан астам жекпе-жекке шығып, көбісін нокаутпен жеңген.