France Football басылымы 22 қыркүйекте жылдың үздік ойыншысына берілетін «Алтын доп» жүлдесіне 30 үміткердің атын жария етті.
Басылымның хабарына қарағанда, Францияның «Пари Сен-Жермен» ойыншылары 2018 жылы «Реал Мадрид» жасаған рекордты қайталап, «Алтын доп» жүлдесіне үмітті 30 адамның қатарынан төбе көрсетті.
Биыл «ПСЖ» клубының 9 ойыншысыТоп-30-ға енді. Сонымен бірге тізімде «Барселонаның» — 4, «Реалдың» — 3 және «Ливерпульдің» 3 ойыншысы бар.
Атап өтетін бір нәрсе, тізімде «Алтын доп» иегерлері жоқ.
Толық тізім мынадай:
- Джуд Беллингем «Реал Мадрид» (Испания)
- Усман Дембеле «ПСЖ» (Франция)
- Джанлуиджи Доннарумма «ПСЖ» (Франция)
- Дезире Дуэ «ПСЖ» (Франция)
- Дензел Дюмфрис «Интер» (Италия)
- Серу Гирасси «Боруссия Дортмунд» (Германия)
- Виктор Дьёкереш «Спортинг» / «Арсенал» (Португалия / Англия)
- Эрлинг Холанд «Манчестер Сити» (Англия)
- Ашраф Хакими «ПСЖ» (Франция)
- Харри Кейн «Бавария» (Германия)
- Хвича Кварацхелия «Наполи» / «ПСЖ» (Италия / Франция)
- Роберт Левандовски «Барселона» (Испания)
- Алексис Макаллистер «Ливерпуль» (Англия)
- Лаутаро Мартинес «Интер» (Италия)
- Килиан Мбаппе «Реал Мадрид» (Испания)
- Скотт Мактоминей «Наполи» (Италия)
- Нуну Мендеш «ПСЖ» (Франция)
- Жоау Невеш «ПСЖ» (Франция)
- Майкл Олисе «Бавария» (Германия)
- Коул Палмер «Челси» (Англия)
- Педри «Барселона» (Испания)
- Рафинья «Барселона» (Испания)
- Деклан Райс «Арсенал» (Англия)
- Фабиан Руис «ПСЖ» (Франция)
- Мухаммед Салах «Ливерпуль» (Англия)
- Вирджил ван Дейк «Ливерпуль» (Англия)
- Винисиус Жуниор «Реал Мадрид» (Испания)
- Витинья «ПСЖ» (Франция)
- Флориан Вирц «Байер Леверкузен» / «Ливерпуль» (Германия / Англия)
- Ламин Ямаль «Барселона» (Испания)
«Алтын допты» табыс ету рәсімі 22 қыркүйекте Париждегі «Шатле» театрында болады. Жеңімпаз дауыс беру арқылы анықталады. Дауыс беруге FIFА рейтингіндегі 100 үздік елдің әрқайсысынан бір журналист қатысады.
Былтыр Испания өкілі Родри «Алтын доп» сыйлығын алған болатын.