Таиландтың Бангкок қаласында бокстан U19 санаты бойынша ерлер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.
Бұл сында 19 жасқа дейнгі жас жігіттер бес рет финалға шығып, бір алтын мен төрт күміс медальға ие болды.
Расул Ассанханов 90 келіге дейінгі салмақтың финалында үндіс Хемант Сангванды жеңіп, Азия чемпионы атанды.
60 келіге дейінгі салмақта Әділет Тортубек Иран өкілі Али Чигриханиден жеңіліп, күміс жүлдені иеленді. 70 келіге дейінгі салмақта қолғап түйістірген Бибарыс Әшірбай Өзбекстан өкілі Абдулазиз Журакуловка есе жіберді. Сөйтіп, бұл отандасымыз да күміс жүлдегер болды.
80 келіге дейінгі салмақта Тимур Тайбеков те Өзбекстан өкілі Норбек Абдуллаевтан жеңіліп қалды.
85 келіге дейінгі салмақтағы Нұрсұлтан Қыстаубай та тағы бір өзбек боксшысынан жеңілді. Ол Самир Сабировтан айласын асыра алмады. Осылайша, финалға шыққан бес былғары қолғап иесінің төртеуі ала тақиялы ағайындардан жеңіліп, күміс жүлдені ғана қанағат тұтты.
Бұған дейін 75 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Шілдебай қола медальді иеленген болатын.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА