• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Елімізде алғаш рет Азиядағы беделді спорт ұйымының басқосуы басталды

    Бүгін Астанада Туризм және спорт министрлігі, Азия Паралимпиадалық комитеті мен Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитетінің ұйымдастыруымен және  халықаралық спорт ұйымдарының қолдауымен Азия Паралимпиадалық комитетінің (АПК) конференциясы мен  VII Бас ассамблеясының отырысы басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

    Мұндай ауқымды іс-шара алғаш рет елімізде ғана емес, Орталық Азияда ұйымдастырылып отыр. Форумға 45 елден 190-нан астам делегат қатысып жатыр.

    Жиынның салтанатты ашылу рәсіміне туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысып, іс-шаралардың Астанада өткізудің маңыздылығына тоқталып өтті.

    Паралимпиадалық қозғалыстың және негізгі ұйымдардың басшыларын қабылдау – Қазақстан үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Мемлекет басшысының паралимпиадалық спорт пен тең мүмкіндік қағидаттарын дамытуға айрықша назар аударып, жүйелі түрде қолдау көрсетуінің арқасында бүгінгідей ауқымды халықаралық іс-шараны өткізіп отырмыз. Біз Қазақстанды инклюзивті спорттың аймақтық орталығына айналдыруға және әр спортшының өз әлеуетін толық ашуына жағдай жасауға ұмтыламыз, — деді ол.

    Оның айтуынша, Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитеті 2002 жылы құрылған сәттен бері 19 паралимпиадалық спорт түрін белсенді дамытып, жыл сайын 800-ден астам жарыс өткізеді. Сондай-ақ отандық спортшылардың 80-нен астам халықаралық турнирге, соның ішінде ең ірі әлемдік додаларға қатысуын қамтамасыз етіп келеді.

    Конференция мен Ассамблеяның құрметті қонақтары қатарында АПК президенті Маджид Рашед, Халықаралық Паралимпиадалық комитеттің (IPC) президенті Эндрю Парсонс, ұлттық паралимпиадалық комитеттердің басшылары, халықаралық федерациялардың өкілдері және сарапшылар бар.

    Форумның іскерлік бағдарламасына Ұлттық паралимпиадалық комитеттерде басқаруды жетілдіру, жастар мен әйелдердің пара спортқа қатысуын арттыру, қолжетімді спорт жіктемесі мен технологиясына инновация енгізу, сондай-ақ Азия Пара ойындары сияқты ірі халықаралық жарыстарға дайындық мәселелері енген.

    13 тамызда форум аясында Астанадағы Конгресс-орталықта Asian Awards марапаттау рәсімі болады. Онда Азиядағы паралимпиадалық қозғалысты дамытуға елеулі үлес қосқан спортшылар, жаттықтырушылар мен ұйымдар арнайы сыйлықтар алады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *