Семсерлесуден Үндістанда кадеттер арасында өткен Азия кубогында Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды.
Айбар Қайым қылыш қаруымен айқасудан бірінші орын иеленді. Сонымен бірге Полина Лесовская да алтын медаль жеңіп алды. Ол қылышпен айқасудан турнирдің үздік спортшысы атанды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА