• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Су спортынан АЧ: Қазақстан екі күміс медаль жеңіп алды

    Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионатының екінші күні аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

    Бұл сында Глеб Коваленя еркін әдіс бойынша 50 метрге 22.81 секундта, ал Айбат Мырзамұратов брасс әдісімен 50 метрге 28.04 секундта жүзіп, күміс медаль алды.

    Қазақстан құрамасының өзге көрсеткіштері:

    Артур Миронов – 5-орын, 50 м брасс, 28.31

    Әділбек Мусин – 6-орын, 50 м еркін әдіспен жүзу, 23.12

    София Әбубәкірова – 6-орын, 50 м еркін әдіспен жүзу, 26.14

    Софья Сподаренко – 8-орын, 50 м еркін әдіспен жүзу, 26.46

    Лев Черепанов – 6-орын, 1500 м еркін әдіспен жүзу, 16:00.19

    Сондай-ақ, Ғалымжан Балабек, Максим Сказобцов, Даниил Черепанов пен Әділбек Мусиннен құралған команда 4×200 метрлік еркін жүзу бойынша эстафетада 7:33.36 нәтижесімен 5-орынға тұрақтады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *