• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Рыбакина WTA турнирін жеңген алғашқы азиялық теннисші атанды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA қорытынды турнирінде үздік шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Теннисші финалда әлемнің 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін жеңімпазы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен ойнады.

    Бірінші партияда есеп 3:2 болған кезде Рыбакина брейк жасап, сол басымдылығын 6:3 есебімен сақтап қалды.

    Екінші сетте тай-брейкте Рыбакина бет қаратпады. Есеп – 7:6 (7:0).

    Осылайша, Рыбакина жарыс 1972 жылы ұйымдастырылғаннан бері жеңімпаз атанған алғашқы азиялық теннисші атанды. Бұған дейін қытайлықтар Ли На (2013 жылы) мен Чжэн Циньвэнь (2024) тек финалға дейін жеткен еді.

    Рыбакина барлық ойынды жеңіп, 1 500 рейтингілік ұпайға қоса 5,235 млн доллар (2,747 млрд теңге) табыс тапты. Оған қоса дүйсенбіде жаңартылатын WTA рейтингісінде 5-орынға көтеріледі.

    Сонымен қатар Рыбакина 2016 жылдан бері эйс санын 500-ден асырған бірінші теннисші болды. 2016 жылы мұндай нәтижеге чехиялық Каролина Плишкова жеткен еді.

    Бұдан бөлек, Елена Рыбакина биылғы маусымда ТОП-10-ға кіретін 7 теннисшіні қапы қалдырып, бұл жөнінен үздік шықты. Рыбакина спорттық жолында Уимблдондағы жеңісін қосқанда, WTA додаларында 11 титул жеңіп алды. Мұндай межеге Қазақстаннан ешкім жеткен емес.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *