• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Kazakh Tourism ұлттық компаниясы

    Қытайда Димаштың туристік локацияда түсірілген жобасы таныстырылады

    Биылғы 5 ақпанда Қытайдың танымал Hunan TV телеарнасында халықаралық музыкалық Voice Beyond Horizon жобасының ресми таныстырылымы болады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

    Бағдарламаның түсірілімі толық еліміздің туристік локацияларында болды. Ол 6 өңірді қамтыды.

    Жоба Димаш Құдайбергеннің бастамасымен қолға алынып, Hunan Broadcasting System медиахолдингімен бірге іске асырылды. Voice Beyond Horizon әртүрлі елдердің өнерпаздарын біріктірумен қатар Қазақстанның табиғи әралуандығын және туристік әлеуетін миллиондаған көрерменге таныстырады.

    Түсірілімдер Түркістан, Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында болды.

    Жобаға Қазақстанның, Қытайдың, Қырғызстанның, Италияның, Малайзия мен Сербияның әншілері қатысады. Өткен жылдың қыркүйек айында олар Қазақстан өңірлерін аралап, 7 мың шақырымнан астам жол жүріп өтті.

    Жоба бағыты көне Түркістанды, Бозжыраның ерекше көріністерін және Каспий теңізі жағалауын, табиғи інжу-маржанға айналған Қайыңды мен Көбейтұз көлдерін, туристик Саты ауылын, Қапшағай су қоймасын, Щучинск-Бурабай курорттық аймағын қамтыды.

    -Қазақстанның туристік әлеуетін халықаралық медиажобалар арқылы жүйелі түрде көрсетеміз. Біз Euronews Travel, Amazon Prime Video, M6 телеарнасы сияқты жетекші әлемдік  телеарналармен ынтымақтастық орнататып жатырмыз. Біз Димаш Құдайбергенге Voice Beyond Horizon жобасына бастамашылдық танитқаны үшін алғыс білдіреміз. Бұл телевизиялық бағдарлама біздің туристік орындарымызды миллиардтаған аудиторияға көрсетеді, – деді «Казах Туризм» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Ғазизов.

    Жобаның ресми көрсетілімі Қытайда аудиториясы 1,9 миллиардан асатын  Hunan TV, Mango TV, еліміздегі Qazaqstan ұлттық арнасында болады.

    Жобаға «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, Туризм және спорт, Мәдениет және ақпарат министрліктері, Астана, Алматы қалаларының және Алматы, Ақмола, Түркістан, Маңғыстау облыстары әкімдіктері ұйымырушылық қолдау көрсетіп, демеушілер ретинде «Кармет», «Қазақмыс», «Алтын Алмас» компаниялары мен Нұрлан Смағұлов қоры да атсалысты.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *