Олимпия ойындарының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет.
Мерген пневматикалық винтовкамен 50 метр қашықтықтан жатып ату жаттығуында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Бұл бағдарламада Никита Шахторин екінші орынды иеленді.
Сондай-ақ жарыстың кезекті күнінде Никита Чирюкин күміс медаль жеңіп алды. Ол тапаншамен 25 метр қашықтықтан жылдам ату сайысында екінші нәтиже көрсетті.
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары