• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ат спорты федерациясы

    Алматы облысында конкурдан ел чемпионаты өтеді

    Алматы облысында ат спортының олимпиадалық түрі саналатын конкурдан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлады Ат спорты федерациясы.

    27 маусымда еліміздің үздік шабандоздары Талғар ауданындағы Almaty Horse & Polo Club ат спорты кешеніне барады. Чемпионатқа Қазақстанның барлық өңірінен 50-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.

    Жарыста шабандоздар әртүрлі биіктіктегі кедергілерден өтіп, өздерінің техникалық дайындығы мен шеберлігін көрсетеді. Чемпионат бағдарламасында балалар, жасөспірімдер, әуесқойлар және кәсіби спортшылар арасындағы сайыстар қарастырылған.

    Конкур жарыстары шабандоздың тәжірибесін ғана емес, ат пен спортшы арасындағы үйлесімді байланысты да айқындайды. Сондықтан әрбір бағытта жылдамдықпен қатар дәлдік пен өзара түсіністік шешуші рөл атқарады.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпионат ат спорты жанкүйерлері үшін қызықты бәсекеге айналып, өңірдегі ат спортының дамуына серпін береді.

    Жарыс сағат 10:00-де басталады.

    Мекенжайы: Almaty Horse & Polo Club ат спорты кешені, Алматы облысы, Талғар ауданы, Рысқұлов ауылы.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *