Су добынан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы екінші матчын Сингапур командасымен ойнап, қарсыласын 16:15 есебімен жеңді.
Ойынның негізгі уақыы тең аяқталды. Содан кейін отандастарымыз пенальти сериясында сингапурлықтардан басым түсті. Қорытынды есеп — 16:15. Ернар Тілекқабыл үздік ойыншы атанды.
Ұлттық құрама әлем чемпионатындағы алғашқы ойында Мысырдан 9:14 есебімен жеңілген болатын.
Бүгін, 5 тамызда, ұлттық құрама Уругвай ватерполистерімен ойнайды.
Дастан КЕНЖАЛИН
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары