Елімізде шаңғы спорты мемлекеттік бағдарлама бойынша мектепте оқытылады. Шаңғы спортын оқу процесінде жүргізудің негізгі мақсаты — спорттың осы түрін дамыта отырып, дені сау ұрпақты тәрбиелеп, білім беру сапасын жоғарылату.
Шаңғы спортының мазмұнын, ережелерін, ерекшеліктерін шаңғы тебудің әдіс — тәсілдерін, шаңғыны күтіп ұстауды теория жүзінде үйрету. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға, адамгершілікке, ұқыптылыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. И. Бутин «Лыжный спорт» деген еңбегінде: «Оқушылардың денен тәрбиесінде шаңғы дайындығы маңызды орын алады», — деп жазады.
Жалпы сабақта көрнекіліктерді тиімді қолданылғанның пайдасы көп. Оқушы көзбен көру арқылы көп нәрсені үйренеді, ойына түйеді. Мысалы: суреттер, бейнеролик, слайдқа қарап көру әдісімен үйретуге болады және айнаға қарап істеу өз қатесін өзі жөндеуі мен ұмтылуы керек. Оқушыға шаңғымен жылдам және баяу жүруін көрсету. Мұғалім оқушының назарында болуы қажет.
Сонымен қатар, ауызша айтып түсіндірудің де маңызы зор. Ауызша айту барысында шаңғы спортының техникалық жаттығуларын айту, қатесін жөндеу, толықтай өзінің қимыл қозғалысын түсіндіру.
Сабақта практикалық түр негізгі мақсаттың бірі болып табылады. Әр техникалық жаттығуды практика жүзінде көрсетіп дайындау. Жалпы практикалық түрдің өзін екіге бөлуге болады толық жаттығу әдісі мен жаттығуды бөліп жасау әдістері.
Толық жаттығу әдісі дегеніміз бір жаттығуды үзбей көрсету, толық жаттығу шаңғымен жүргенде ең қиын жүру бұрылыстарында толықтай жүруді меңгеру. Осы мақсат бойынша қиын қозғалысты жаттығу ретінде толықтай көрсетуге болады.
Жаттығуды бөліп жасау шаңғы спортының әрбір мектептегі оқу процесс сапасын жоғарылату, жаттығуды бөліп жасау ол қимыл қозғалыстың ең қиын қозғалыстарды бөліп көрсетіп, үйрету болып табылады. Көрсету, оқыту факторлары ең маңызды болғандықтан көрсету және сөйлеу әдістері әр түрлі нұсқаларда кездеседі. 1. Шаңғы мен әртүрлі жүру әдістерін үйрену үшін мұғалім көрсетеді. Бұндай жағдайда қиындатылған жаттығуларда қолданылады. 2. Оңайлатылған қимыл қозғалыс әдістерін мұғалім көрсетіп, қимыл қозғалысты әр сабақ сайын қайталау. 3. Шаңғымен жүру қимыл қозғалыстарды нақты түсіндіру.
Мұғалім оқушыларды қадағалап, бақылап, шаңғымен жүру шеңберінде оқушылардың техникалық қатесіне мән беріп ескертуге тиіс. Егер қауіпсіздік ережесін бұзған жағдайда ескерту содан соң қатаң сөгіс жарияланады.
Сөйлеу, көрсету әдістері оқушының жасына әрі көп жаттыққандығына байланысты сабақ жүргізіледі, бұл үйірмеде қозғалыс көп.
Шаңғы спортының сабақта өту барысы 3 бөлімнен тұрады: кіріспе бөлім, негізгі бөлім және қорытынды бөлім. Осы бөлімдер бір –бірімен тығыз байланыста. Сабақтың өтілу барысы 45 минут. Үлкен сынып топтарында көптеген физикалық дамыту жаттығуларына байланысты 45 мин тиімсіз. Жоғарғы сынып топтарында сабақ барысында оқушыларға өзіндік үй жұмысын беру сонымен қатар өз қателеріне мән беру сол қатені жою. Жалпы шаңғы спортына байланысты аптасына 1 сабақ қосымша өткізілсе сол тиімді. Осы сабақтың өтілу мақсатына байланысты, сабақтың түрі, өтетін орны, қойылған шарттары, жаттығудың жүргізілу барысы және оқушының жаттықанына қарай сабақтың әрбір бөлімі өзгереді. Оқушылардың сабаққа дайындалу барысында қосымша уақыттар қажет етеді, оқушының киінуге уақыт бөлінуі керек, міндетті түрде, бас киім кию, қолғаптың және бөкебайлар (шарф) болуы қажет етеді. Қауіпсіздік ережесіне байланысты осы дүниелерге мұқият мән беру қажет.
Кіріспе бөлім (8-12 мин). Бұл бөлім оқушының негізгі бөліміндегі физикалық жүктемеге ағзасын бейімдеу. Сабақ өту процесінде оқушыға психологиялық дайындықты қажет етеді, шаңғымен жүру әдістері мен техникаларын оқушыға айтып түсіндіру арқылы оқушының назарында болу және ынталандыру. Сабақ дұрыс ұйымдастырылған жағдайда сабақ өту процесі сапалы болады. Сабақтың бастама барысында кезекші оқушыларды сапқа тұрғызып, оқытушыға мәлімет беріп, тексереді. Мәлімдемеден кейін мұғалім сабақтың барысын және мақсатын, мазмұнын, теория жүзінде айтып өтеді. Сабақты шаңғымен жүру шеңберіне бет алу сонымен қатар кіріспе мазмұнында саптық жаттығу жасау, оқушыларды сапқа тұрғызып шаңғы мен классикалық жүріс бір адымды бір мезгілді жүріс, екі адымды ауыспалы жүріс, коньки жүрісі, шырша әдісі, алма-кезек ауыспалы жүріс, жоғарыдан төмен түсу, жүрістерін теория және практика жүзінде айтып өту.
Негізгі бөлім (25-35 мин). Өткен сабақтағы қимыл қозғалыстарды қайталау үшін 3-5 минут қажет. Қимыл қозғалыстың қиындығына байланысты бұл 15 минутқа дейін де созылуы мүмкін.
Қайталаудан кейін сабақтың негізгі бөліміне қарай негізделу. Оқушының техникалық қимыл-қозғалыстарын жетілдіру барысында, жаңа тақырыппен өткен тақырыпты байланыстыра отырып, меңгерту. Оқыту барысында оқушының техникалық және күш қуат жоғарлату сапасын қоса жүргізу. Әдетте жылдамдық және төзімділік жаттығуларын дамыту шаңғы дайындығының әр түрлі сабақтарына жоспарланады. Тақырыпқа байланысты жылдамдықпен жұмыс жеке жүргізіледі, содан соң төзімділікке арналған жұмыс жүргізіледі.
Шаңғы тебудің әдіс — тәсілдері:
1. Таяқсыз жүру, алма — кезек екі адымды жүріс (табиғи жүріс), бір мезгілдегі екі адымды жүріс, коньки жүрісі.
2. Шырша әдісі, жартылай шырша әдісі, саты әдісі.
3. Соқа тәсілі, сырғанай түсу.
(шаңғы тебудің әдістеріне жеке — жеке тоқталып видеодан көрсету)
Негізгі бөлімде оқушылардың қызығушылықтарын арттыру барысында сабақ ойын түрінде де өткізіліп отырады. Ойын тапсырмаларына берілген жаттығу жұмыстарының тікелей техникалық және физикалық дамыту сапасына негіздеген дұрыс. Ойын маңызды болу үшін, сабақ жарыс түрінде өткені абзал.
Қорытынды бөлім (2-4 мин). Бұл бөлімде сабақтың жүктемесін біртіндеп азайту қажет, шаңғымен жүру қимыл-қозғалыстарынаң туындаған қарқынды бақылау. Осы мақсатқа байланысты шаңғымен баяулатылған қимыл қозғалыс жасау, керек әсіресе жаттығу жасау орнынан мектепке қайтар жолда. Ұйымдастырылған сабақ жоспар бойынша аяқталуы керек. Сабақты қорытындылау барысында мұғалім сабаққа байланысты ескертулер айтып, оқушылардың жалпы қателерін, кемшіліктерін атап, сол қатені түзету жаттығуларын үй тапсырмасына беру қажет.
Еркежан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА,
Әлкей Марғұлан атындағы № 40
орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі,
Астана қаласы