• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Астана» командасының шабандозы «Алматы туры – 2017» жарысына қатысады

    «Астана» кәсіпқой велоспорт командасының шабандозы даниялық Якоб Фульсанг «Алматы туры – 2017» жарысына қатысады.

    Фульсанг елордалық команданың сапында 2013 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Қазір «Астананың» со-капитаны. Ол Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Сонымен қатар, жастар арасында кросс кантриден Данияның бірнеше дүркін чемпионы, жекелеген жарыстың екі мәрте жеңімпазы. Биылғы маусымда ол Франциядағы «Критериум Дофине – 2017» велокөпкүндігінің екі кезеңінде жеңіске жетіп, жалпы есепте жеңіске жетті.

    Жарыстың тығыз кестесіне қарамастан Якоб Фульсанг Алматы қаласында ұйымдастырылатын ауқымды веложарысқа қатысады. Айта кетерлігі, Фульсанг «Алматы турына» алғаш рет қатысқалы отыр.

    «Алматы туры» – көпкүндік мәртебесіне ие болды, сондай-ақ биыл бірінші рет екі кезеңнен, яғни 30 қыркүйек пен 1 қазан күндері өтеді. Дайындық күндері мынадай іс-шаралар ұйымдастырылады: жарысқа қатысатын командаларды 29 қыркүйекте салтанатты түрде таныстыру. Ал 28 қыркүйек күні веложарыстың баспасөз конференциясы өтеді.

    «Алматы туры» жарысының ресми жабылуын «Медеу» мұз айдынының сахнасында ұйымдастыру жоспарланып отыр.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *