• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ұлағатты ұстаздың есімі ұлықталды

    Өткен сенбі және жексенбі күндері Алматы облысы Іле ауданы Өтеген кентіндегі Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 2009 – 2010 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында Президенттің Құрмет грамотасы және Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» белгісінің иегері, ұлағатты ұстаз, ардақты ана Ғалия Нәдірбекқызы Нәдірбекованы еске алуға арналған дзюдодан жарыс өтті.

    Оған Іле ауданының барлық ауыл-аймақтарынан 200-ге жуық бота балуан қатысып, қыздар 6 салмақта, ұлдар 9 салмақ дәрежесінде күш сынасты.

    Турнирде қыздар арасында 52 және 42 кг самақтарда өнер көрсетіп, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленген Айша Тұрдыбаева мен Дидар Зәкен турнирдің ең үздік балуандары атанды. Бір қызығы, бұл екі балуан М.Мақатаев атындағы мектептің оқушылары.

    Негізі, «Шәкіртсіз ұстаз — тұл», демекші, Ғалия Нәдірбекқызы Нәдірбекова М.Мақатаев атындағы №13 орта мектепте директор болып қызмет істеген жылдары оның білімпаз, өнерпаз және спортқа жаны жақы көптеген шәкірттері республикалық байрақты жарыстарға қатысып, олжа салған екен. М.Мақатаев атындағы мектептің аудан, облыс көлемінде үздік мектептердің қатарынан көрінуіне Ғалия Нәдірбекқызының еңбегі зор болыпты. Ұлағатты ұстаз, білікті басшы Ғалия Нәдірбекқызының бақилық дүниеге сапар шеккеніне біраз жылдың жүзі болса да артынан жақсы із қалдыра білген ананы жұртшылық жылы сөзбен сағына еске алатынына көз жеткіздік. «Өлі разы болмай тірі баймайды», дегендей, ардақты апайларына бір үлкен шара ұйымдастыруды Балалар спорт мектебінің ұжымы көптен бері ойлап жүрсе керек. Міне, енді Республика күніне орай келіп, тамаша бір тартысты жарыстың тұсауы кесілді.

    Жарыста турнир иесі Ғалия Нәдірбекқызының ұлы мен қызы Динара мен Қасым жасөспірім балуандарға тегін ас-тамақ таратып, көпшіліктің рахметіне бөленді. Бұл жарыс алдағы жылы облыс деңгейіне көтеріліп, дәстүрлі  түрде жалғасын таппақ.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    Алматы облысы, Іле ауданы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *